Ақышев Данияр Талғатұлы
8991
Қазіргі лауазымы:
Әлеуметтік желілерде:
Туған жылы: 1976 жылғы 25 мамырда
Туған жері: Алматы қаласы
Білімі: 1996 жылы Қазақ Мемлекеттік Басқару академиясын экономист мамандығы бойынша үздік аяқтады (мамандануы – банк ісін ұйымдастыру).
Еңбек жолын Орталық Азия қор биржасында маман ретінде бастады.
1996 – 2003 жылдар аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Зерттеу және статистика департаментінде түрлі лауазымдар атқарды, 2003 – 2007 жылдар аралығында осы Департаментті басқарды.
2007 жылғы тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімімен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
2014 жылғы тамыз – 2015 жылғы тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі лауазымын, 2015 жылғы тамыз – 2015 жылғы қараша аралығында сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті көмекшісінің міндеттерін уақытша атқарушы болды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 2 қарашадағы № 109 Жарлығымен Д.Т. Ақышев Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы болып тағайындалды.
2019 жылдың 25 ақпанында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағалығынан босатылды




-
1Жаңаөзен маңындағы мұнай ұңғымасында метан бөлінді5332Бокс: Қазақстан құрамасы халықаралық турнирде бірінші орын алды5103БҚО-да 800-ден астам киік өлексесі судан шығарылды4654Австрия Грацтағы қайғылы оқиғадан кейін үш күндік ұлттық аза тұту жариялады2815Түркияда 30-дан астам ауру тарататын кененің жаңа түрі табылды271
-
1Кездейсоқ байлық: Әйел адам қоқыстан 187 миллион теңге тауып алды36725245 минут "өлді" деп саналған адам о дүниедегі сезімін айтып берді168183Оқыс оқиға: Мектепте атыс болып, 11 адам қаза тапты162664Түркияда құрбандық шалу кезінде 14 мыңнан астам адам жарақат алды106565"Бәріне ату жазасын сұраймыз ба?": Шерзат ісіндегі адвокат халықты сабырға шақырды10611

