Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Павлодарда мейрамханада жаппай уланудан кейін қылмыстық іс қозғалды

27 Маусым 2025, 22:53
682
Бөлісу:
 pexels
Фото: pexels

Павлодардағы Bellagio банкет залында өткен отбасылық шаралардан кейін 67 адам медициналық көмекке жүгініп, олардың көпшілігінде сальмонеллез диагнозы расталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, аталған оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабының 1-бөлігі ("Санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша кінәлілерге екі мың АЕК-ке дейін айыппұл, қоғамдық жұмыстарға тарту немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Еске сала кетейік, 7 маусым күні Bellagio мейрамханасында Қыз ұзату тойы өткен болатын. Одан кейін 20-дан астам адам улану белгілерімен ауруханаға түсті. Бір күннен соң инфекциялық стационарларға тағы бірнеше адам жеткізілді, олар өзге бір отбасылық шара – мерейтойдан кейін сырқаттанған.

Санитарлық-эпидемиологиялық тексеру нәтижесінде дайын тағам, шикізат және ас үй құрал-жабдықтарынан сальмонелла, алтын стафилококк және ішек таяқшасы (E. coli) табылған.

Осы жағдайдан кейін Bellagio ұжымы өзінің Instagram парақшасында қызметін тоқтататынын және банкет залы жабылатынын хабарлады. Команда өкілдері бұған дейін өздерінде мереке өткізген қонақтарға алғыс білдірді.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »