Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Өзінің ішкі ағзаларын 15 млн теңгеге сатпақ болған ақтөбелік ұсталды

15 Мамыр 2025, 16:05
890
Бөлісу:
 Бауыржан ЖУАСБАЕВ  - архив
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

"Заң және Тәртіп" идеологиясын іске асыру аясында Ақтөбе облысы прокуратурасы қызметкерлерімен әлеуметтік желіге орналастырылған жарияланымдарға мониторинг жүргізу барысында Ақтөбе қаласының тұрғынының бірі өзінің ішкі органдарын сату бойынша ықтимал заңсыз мәміле жасау туралы ақпарат алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алынған мәліметтер негізінде облыс прокуратурасының қаулысына сәйкес облыстық Полиция департаменті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.

2025 жылдың 30 сәуірінде облыс прокуратурасымен бастамашылық жасалған жедел-іздестіру іс-шарасы аясында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жалпы соммасы 15 млн теңгеге адамның ішкі органдарын сату бойынша заңсыз мәміле жасамақ болған күдікті ұсталды, - делінген хабарламада

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 116-бабының 1-бөлігімен (Адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »