Отандық теннистің даму қарқыны қандай

Бөлісу:
Отандық теннистің даму қарқыны қандай
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Отандық теннистің қарқыны қуантады. Бір кездері тек легионерлерге иек артуға мәжбүр болсақ, бүгінде жергілікті ойыншылар арасында да түрлі деңгейдегі аламандарда жоғары жетістіктерге жетіп жүрген теннисшілер аз емес. Соның арқасында бүгінде Қазақстан теннисі ТМД елдері ішінде Ресейден кейінгі ең мықты жүйеге айналды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұлай дейтініміз, ерлер құрамасының да, әйелдер құрамасының да өкілдері ATP жарыстарында үздіктер қатарынан көрінуі. Құраманың қазіргі өкілдері әлемдік рейтингіде де көшбасшылар санатынан көрінген.

Ерлер:

- Александр Бублик – тұрақты түрде ATP ТОП-50 ішінде. Шабуылдаушы стиль.

- Михаил Кукушкин – Қазақстанның бұрынғы бірінші ракеткасы, тәжірибелі ойыншы, Davis Cup матчтарында керемет өнер көрсетті.

- Дмитрий Попко, Тимофей Скатов – Challenger деңгейінде тұрақты ойнап жүрген теннисшілер.

Әйелдер:

- Елена Рыбакина – 2022 жылғы Wimbledon чемпионы, қазіргі таңда WTA әлемдік рейтингінде 12-орында тұр. Қазақстанның теннис тарихындағы ең үлкен жетістікке қол жеткізген ойыншы.

- Юлия Путинцева – тұрақты Grand Slam қатысушысы, мықты менталитет пен күрескерлік қасиетімен ерекшеленеді.

- Зарина Дияс – көптен бері жарақатын емдеген қазақстандық теннисші карьерасын аяқтамақ та болған, алайда федерация басшылығының қолдауымен қайта сапқа қосылып, міне, бүгін ғана Жапониядағы турнирде топ жарды.

- Анна Данилина – жұптық сында Grand Slam финалына дейін жеткен.

- Жібек Құламбаева – жеке жарыстардан бөлек жұптық сындарда бірқатар жетістікке жеткен теннисші. 

Аттары аталған спортшылардан бөлек Григорий Ломакин, Ерасыл Ерділда, Аружан Сағандықова секілді жергілікті теннисшілер қазірдің өзінде тәп-тәуір нәтиже көрсетіп жүр.

Отандық теннистің даму бағыты

Қазақстандық тенниске қатысты бір кездері сын көп болғанымен, бүгінде жұмыстың нәтиже беріп жатқанын көруге болады.

Оның бірқатар себебі де бар:

• Ірі қалаларда (Астана, Алматы, Шымкент) теннис орталықтары салынды;

• Балалар мен жасөспірімдер арасында турнирлер жиі өткізіледі;

• Қазақстан теннис федерациясы жас ойыншыларға қаржылай және ұйымдастырушылық қолдау көрсетіп отыр;

Айқын нәрсе — тиісті дайындық пен ең бастысы, қолжетімді инфрақұрылым болмаса, мұндай жетістіктерге жету мүмкін болмас еді. Жасы 14-16 аралығындағы спортшылар тенниспен шамамен он жыл бұрын айналыса бастаған. Яғни олар 4-6 жасынан бастап жүйелі түрде жаттығуға көшкен. Қазақстандық балалардың тенниске қол жеткізуіне жол ашқан негізгі тұлға — Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов. Ол бұл қызметке 2007 жылы келген. Сол сәттен бастап қолға алынған маңызды қадамдардың бірі – заманауи теннис инфрақұрылымын кең көлемде дамыту болды.

Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Юрий Польский шетелдік басылымға берген сұхбатында бүгінгі жетістіктердің қалай келгені туралы ой бөліскен.

Айқын нәрсе ­– тиісті дайындық пен ең бастысы, қолжетімді инфрақұрылым болмаса, мұндай жетістіктерге жету мүмкін болмас еді. Жасы 14-16 аралығындағы спортшылар тенниспен шамамен он жыл бұрын айналыса бастаған. Яғни, олар 4-6 жасынан бастап жүйелі түрде жаттығуға көшкен. Қазақстандық балалардың тенниске қол жеткізуіне жол ашқан негізгі тұлға – Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов. Ол бұл қызметке 2007 жылы келген. Сол сәттен бастап қолға алынған маңызды қадамдардың бірі – заманауи теннис инфрақұрылымын кең көлемде дамыту болды.

2007 жылы Қазақстанда небәрі 7 теннис орталығы мен 60 корт қана болса, бүгінде елімізде 48 заманауи орталық жұмыс істейді, олардың құрамында 364 теннис корты бар. Бұл корттардың көпшілігі — жабық, яғни жыл бойы жаттығуға мүмкіндік береді, - деді ол.

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, 2007 жылы бір сағатқа корт жалдау құны орташа есеппен 50 доллар болса, қазіргі таңда бұл көрсеткіш 10 долларға дейін төмендеген. Ал тенниспен айналысатын балалардың саны 2007 жылы 900 болса, 2023 жылға қарай бұл көрсеткіш 30 000-ға жетті. Соның ішінде 3500-ге жуық дарынды бала тегін жаттығу, арнайы жабдық және турнирлерге қатысу үшін қажет қолдауға ие болып отыр.

Инфрақұрылым салумен қатар, федерация барлық деңгейде кешенді жұмыс жүргізіп келеді. Ең кішкентай спортшыларға арналған бағдарламалар да бар: 5-7 жастағы балалар үшін жаппай теннис сабақтары ұйымдастырылуда.

Мемлекет «10 жасқа дейінгі теннис» жобасына ерекше назар аударады. Бұл бастама балалардың бастапқы дағдыларын дамытып, болашақта кәсіби деңгейге өтуге негіз қалайды. Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі 10 жасқа дейінгі ойыншылар қатысатын негізгі турнирлерге Қазақстан теннис федерациясының сарапшылары барып, ең дарынды балаларды іріктеп отырады. Ал 11-ден 14 жасқа дейінгі жасөспірімдерге арналған арнайы бағдарлама арқылы ел бойынша 100-ден астам ойыншыға қолдау көрсетіледі, - дейді Польский.

Жасөспірімдерді даярлау жүйесіндегі маңызды буын — Team Kazakhstan академиясы. Бұл бағдарлама 2008 жылы іске қосылып, 14 жастан асқан талантты ойыншыларға қолдау көрсетуге бағытталған. Осы уақыт ішінде бұл жүйе арқылы 300-ден астам дарынды жас спортшы өткен. Олар бүгінде Қазақстанның намысын қорғап жүр.

Қазақстандық юниорлардың жетістіктері – соңғы онжылдықтағы мақсатты инвестициялар мен инфрақұрылымдық дамудың жемісі. Бұл бастамалар теннисті ел ішінде қолжетімді етіп қана қоймай, оның сапасын жаңа деңгейге көтерді. Ең бастысы – бұл жүйе Қазақстанның өз жас спортшыларын тәрбиелеуге мықты негіз қалап берді. Ал олар ертең халықаралық ареналарда еліміздің атынан өнер көрсететін, шетелден спортшы тартуға мұқтаждықты жоятын буын болады, - деп қорытындылады федерация өкілі.

Болашағы зор ойыншылар кімдер?

Ерлер:

Жасөспірім ұлдар арасында:

- Әмір Омарханов – 17 жаста, ITF U18 рейтингінде 4-орында. 2024 жылы J300 Beijing турнирінде жеңіске жетіп, Orange Bowl жұптық жарысында чемпион атанды.

- Заңғар Нұрланұлы – 16 жаста, ITF U18 рейтингінде 38-орында. 2024 жылы J100 İzmir, J200 Shymkent және J100 Aizkraukle турнирлерінде жеңіске жетті.

- Дамир Жалғасбай – 112-орында, 2024 жылы J100 Kraków турнирінде жеңіске жетіп, рейтингте 84 сатыға көтерілді.

- Ахмади Маханов – Tennis Europe U14 рейтингінде 13-орында.

- Хақназар Жеткербай – Tennis Europe U14 рейтингінде 28-орында.

Жасөспірім қыздар арасында:

- Соня Жиенбаева – ITF U18 рейтингінде 21-орында.

- Асылжан Арыстанбекова – ITF U18 рейтингінде 38-орында.

- Айя Нүпбай – ITF U18 рейтингінде 120-орында.

- Полина Слепцова – ITF U18 рейтингінде 229-орында.

- Тамина Сәкен – Tennis Europe U14 рейтингінде 83-орында.

- Әмина Нұрмахан – Tennis Europe U14 рейтингінде 87-орында.

Сонымен қатар, Альбина Какенова, Ева Корышева және Сатима Төреген секілді спортшыларымыздың болашағынан үміт зор.

Қиындықтар мен әлсіз тұстар:

• Ішкі бәсекелестік әлі де төмен – жастар тез шетелге шығуға тырысады, бірақ нағыз бәсе ке ішкі чемпионаттарда да болуы керек.

• Білікті бапкерлер жетіспейді – халықаралық тәжірибесі бар жаттықтырушылар санаулы.

• Кей өңірлерде теннис инфрақұрылымы дамымаған – бұл таланттарды анықтауға кедергі келтіреді.

Қорытынды:

Қазақстан теннисі бүгінде – Орталық Азиядағы көшбасшы, әрі әлемдік аренада өзін танытқан ел. Рыбакина мен Бубликтің жетістігі – бұл тек бастамасы. Егер қазіргі саясат жалғаса берсе, алдағы 5-7 жылда әлі талай жаңа жұлдыздар шығады.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »