Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Оралда екі жұмысшы кәріз суына батып кетті

24 Тамыз 2022, 22:09
1045
Бөлісу:

Оралда сорғы стансасын жөндеу кезінде құбыр жарылып, екі жұмысшы кәріз суына батып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқиға бүгін Исатай – Махамбет көшесіндегі 2-кәріздік сорғы стансасында болған.

Жедел жәрдем сағат 11.11-де шақырылды. Кәріздік сорғы стансасындағы жөндеу жұмыстары кезінде шахтада құбыр жарылған. Соның салдарынан «Батыс су арнасы» ЖШС-нің 1971 және 1982 жылғы жұмысшылары оқиға орнында көз жұмды, – делінген хабарламада.

Орал қаласы әкімінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растады. Қазір тиісті органдар қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »