Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Оңтүстік Африкада қарлы дауылдан елуге жуық адам қайтыс болды

12 Маусым 2025, 08:31
336
Бөлісу:
 pexels
Фото: pexels

Оңтүстік Африка Республикасының шығыс жағалауында болған қатты қарлы дауыл мен су тасқыны салдарынан кемінде 49 адам қайтыс болды. Бұл туралы Africa News порталы жергілікті билікке сілтеме жасап жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Табиғи апат Шығыс Кейп провинциясында орын алды. Куәгерлер мен билік өкілдерінің айтуынша, аймақта қатты жаңбыр мен қар жауып, су тасқыны болған. Құрбандардың арасында автобуста болған алты оқушы да бар, ал тағы төрт оқушы із-түзсіз жоғалған деп хабарланды.

Шығыс Кейп провинциясының премьер-министрі Оскар Мабуяне қайтыс болғандар саны әлі де артуы мүмкін екенін айтты. Құтқару және іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Бұл – соңғы айларда климаттық апат салдарынан тіркелген ең ауыр жағдайлардың бірі. Бұған дейін, 17 мамырда АҚШ-тың Миссури және Кентукки штаттарында болған жойқын дауылдардан кемінде 16 адам қаза тапқаны хабарланған болатын.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »