Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Найзағай, бұршақ: 16 өңірде дауылды ескерту жарияланды

1 Маусым 2025, 23:30
599
Бөлісу:
 istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

"Қазгидромет" РМК 2 маусым, дүйсенбі күні еліміздің бірқатар өңірлерінде ауа райының күрт нашарлауына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қызылорда облысында солтүстік бөлігінде шаңды дауыл тұрады, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыс аумағында және Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында түнде найзағай, күндіз бұршақ, қатты жаңбыр мен дауыл болжанған. Жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Облыс пен Орал қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында найзағай, желдің күшеюі күтіледі. Облыстың оңтүстігі мен батысында төтенше өрт қаупі бар. Атырау қаласында да өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент пен Түркістан қалаларында да жоғары қауіп деңгейі тіркелді.

Маңғыстау облысында найзағай күтіледі. Күндіз ауа температурасы 38°С-қа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады. Ақтау қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Жел 15-20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Облыстың бірнеше бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі тіркелді.

Павлодар облысында найзағай мен тұман болады. Өрт қаупі облыс орталығында жоғары, шығысында – төтенше. Павлодар қаласында өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында найзағай, 35-37°С қатты ыстық және желдің күшеюі болжануда. Облыстың оңтүстігінде, шығысында және батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қаласында найзағай мен жел күтіледі.

Абай облысында найзағай мен бұршақ күтіледі. Кейбір аудандарда жоғары және төтенше өрт қаупі бар. Семей қаласында найзағай болжануда.

Шығыс Қазақстан облысында найзағай мен бұршақ, желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Ұлытау облысында күндіз найзағай, бұршақ және 35°С-қа дейін ыстық күтіледі. Бірқатар аймақтарда төтенше өрт қаупі тіркелді. Жезқазғанда өрт қаупі жоғары.

Қарағанды облысында найзағай, бұршақ, тұман болжанған. Облыстың бірнеше бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында найзағай болуы мүмкін.

Ақмола облысында найзағай мен бұршақ, түнде тұман күтіледі. Өрт қаупі оңтүстік пен орталық бөлігінде жоғары. Көкшетауда күндіз найзағай болады.

Қостанай облысында найзағай, бұршақ, қатты ыстық (35°С) пен жел күтіледі. Өрт қаупі оңтүстікте төтенше, ал басқа бөліктерінде жоғары. Қостанайда да өрт қаупі жоғары.

Солтүстік Қазақстан облысында найзағай мен бұршақ күтіледі. Оңтүстік бөлігінде өрт қаупі жоғары.

Жетісу облысында найзағай мен күшті жел күтіледі (екпіні 23-28 м/с). Солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі бар. Талдықорғанда түнде найзағай болады.

"Қазгидромет" тұрғындарды ауа райына байланысты сақтық шараларын сақтауға және мүмкіндігінше ашық алаңдарда ұзақ болмауға шақырады. Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігін сақтау қатаң талап етіледі.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »