Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Министрлік шегірткеге қарсы жұмысты күшейтеді

14 Мамыр 2025, 15:14
300
Бөлісу:
 жасанды интеллект
Фото: жасанды интеллект

Биыл 2,1 млн гектар аумақта шегіртке тектес зиянкестердің таралуы мүмкін. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2025 жылы 2,1 млн гектар алаңда үйірлі шегіртке тектес зиянкестердің таралуы болжануда, бұл ретте өткен жылмен салыстырғанда 1 млн. гектарға төмен. Олармен күресу үшін республикалық бюджеттен 7,1 млрд теңге бөлінді, – дейді ол ОКҚ-да өткен брифингте.

Зерттеу іс-шараларына 4 625 адам тартылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Жұмысқа 443 бүркігіш техника жұмылдырылмақ: оның ішінде 239 жер үсті техникасы, 100 аэрозоль генераторы, 31 аса жеңіл авиация кемесі, 24 ұшақ және 49 агродрон бар.

Химиялық өңдеуде жоғары тиімді пестицидтер қолданылатын болады (карат супер 100, фипрон, диурон, эсперо, тарзан, локустин, т.б.).

Вице-министрдің айтуынша, барлық облыста облыс әкімдерінің орынбасарлары жетекшілік ететін жедел штабтар құрылған.

Биыл қолданылатын техниканың саны артқанымен, өңделетін аумақ былтырмен салыстырғанда 1 млн гектарға азайған. Бұл бүрку техникасының бір күндік өнімділік нормасы азайтылғанымен байланысты.

Инвестициялық субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізілді, оның шеңберінде агроөнеркәсіптік субъектілері сатып алынған агродрондар мен жер үсті бүріккіштері құнының 25 пайыздық өтем алуға мүмкіндігі бар, – дейді Ермек Кенжеханұлы.

Бұдан бөлек, Үкімет резервінен 53 дрон мен 68 автокөлік сатып алынған. Дрондардың 7-і мониторингке, ал 46-сы зиянкестерге қарсы өңдеуге арналған.

Сонымен қатар, "Қазақстан Ғарыш Сапары" компаниясымен бірлесіп FitoSpace ақпараттық жүйесін енгізу жұмыстары жүріп жатыр. Ол шегіртке зиянкестерінің таралуын жасанды интеллект және дрондар арқылы автоматтандырылған түрде бақылайды.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »