Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Министр әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімдерін марапаттады

5 Мамыр 2025, 18:11
690
Бөлісу:
PHOTO VIDEO

Отан қорғаушы күніне орай алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімдері марапатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Отан қорғаушы күні қарсаңында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектептерде алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінен сабақ беретін 40 мұғалімді ведомстволық наградалармен марапаттады. Іс-шараға Қорғаныс министрінің орынбасары Қаныш Әбубәкіров қатысты.

Министр әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімдерін марапаттады

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, министр ұстаздарды мерекемен құттықтап, жастарды азаматтық және патриоттық құндылықтарға тәрбиелеуде олардың маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Сонымен қатар, Оқу-ағарту министрлігі мен Қорғаныс министрлігі бірлесіп спорт секцияларын дамыту, АӘТД кабинеттерін жабдықтау, әскери бөлімдерге экскурсиялар ұйымдастыру, "Жас сарбаз" қозғалысын қолдау және кадрлар даярлау сапасын арттыру бағытында жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.

Министр әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімдерін марапаттады

Қазіргі таңда еліміздің мектептерінде 5 мыңға жуық АӘТД пәнінің мұғалімі қызмет етуде. Бұл пән жас ұрпақты тәртіпке, жауапкершілікке баулып, әскери қызмет пен Отанға деген құрметті қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Сіздер – елін сүйетін, бейбітшілікті қадірлей білетін өскелең ұрпақты тәрбиелеуге елеулі үлес қосып, ерлік пен азаматтық борыштың мәнін ұғындырып келесіздер, – деді Ғани Бейсембаев.

Министрдің айтуынша, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесі мен азаматтық ұстанымын қалыптастыру – білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі.

Министр әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімдерін марапаттады

Кәсіби шеберлігі мен тәрбие ісіне қосқан үлесі үшін 9 педагог "Еңбек ардагері" медалімен, ал 30-дан астам мұғалім "Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісімен марапатталды.

Министр әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімдерін марапаттады

Жиын соңында министр ұстаздарға адал еңбегі үшін алғыс білдіріп, педагог мәртебесін көтеру мен қолдаудың министрлік жұмысының негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »