Елорданың ең ірі сауда-ойын-сауық орталығының тіршілігінің артында кім тұрғанын білеміз бе? MEGA Silk Way – Астанадағы ең ірі және танымал сауда-ойын-сауық орталығы. Ол 140 мың шаршы метрден астам аумақты алып жатыр, мұнда жылына 17 миллион адам келеді. Бұл "тірі ағзаның" үздіксіз жұмыс істеуі үшін мұнда 14 түрлі қызметте 500-ге жуық адам жұмыс істейді. Біз бес бөлімшенің қызметкерлерімен сөйлестік, олардың жұмысы сырттан көрінбейді, бірақ келушілердің жайлылығы үшін өте маңызды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Айдос Сабытов – тоңазытқыш және желдету жабдықтарының машинисі.

Мен MEGA Silk Way 2017 жылы ашылғаннан бері оның командасындамын. Мен автотұрақшы болып бастадым, содан кейін компания есебінен оқыдым, енді тоңазытқыш және желдету жабдықтарының машинисі болып жұмыс істеймін. Менің бақылауымда чиллерлер, фанкойлар, градильдік машиналар және басқа да жоғары технологиялық жабдықтар бар, олармен жұмыс істеу үшін арнайы дағдылар мен техникалық білім қажет, - деді Айдос Сабытов.
Сөсінше, олардың бөлімшесінің негізгі міндеті – СОО-ға келушілерге жайлы болу үшін онда тамаша микроклиматты қамтамасыз ету. Өйткені MEGA Silk Way – бұл өз көшелері мен алаңдары бар қаладағы нағыз қала. Мұндағы ауа райы әрқашан жақсы болуы керек, жазда салқын, қыста жылы және қапырықсыз. Олардың жұмысы сырттан көрінбейді, бірақ қонақтар оның жоқтығын бірден сезінер еді.
Мен футболды өте жақсы көремін және Астананың әуесқой лигасында өнер көрсететін футбол командасының капитанымын. Жақында біз онда 3-орынды иелендік. MEGA менің футболқұмарлығымды белсенді түрде қолдайды: жарыстарға қатысу үшін жарналарды төлеуге көмектеседі, керек-жарағымды сатып алып береді. Қазір біз Astana Group жыл сайын өткізетін корпоративтік спартакиадаға дайындалып жатырмыз және табысты өнер көрсетеміз деп үміттенеміз. Мен балаларымды да спортқа тартуға тырысамын – олар менің жаттығулардағы тұрақты серіктестерім және трибуналардағы басты жанкүйерлерім, - дейді тоңазытқыш және желдету жабдықтарының машинисі.
Тимур Каракизов – электрик.

Мен MEGA Silk Way командасына екі жыл бұрын қосылдым, ал менің электрик ретіндегі жалпы жұмыс өтілім – 13 жыл. Мен мұнда кәсіби өсу үшін келдім, өйткені мұндай үлкен сауда орталығын үздіксіз электрмен қамтамасыз ету өте жауапты және сонымен бірге қызықты міндет. Электриктер командасы ауысыммен жұмыс істейді – күндіз де, түнде де. СОО-дағы әрбір учаске біздің жұмысымызға тәуелді: жарықтандыру және желдету жүйелері, эскалаторлар мен лифттер, ескерту жүйесі және wi-fi, - деп баяндады Тимур Каракизов.
Оның айтуынша, келушілер үшін олар "көрінбейтін майданның жауынгерлері". Мұндай үлкен электр шаруашылығының тіршілігін қамтамасыз етудің астарында қалқандарды, трансформаторлық қосалқы станциялар мен генераторларды аралап тексеріп шығу, өтінімдерді пысықтау және т.б. күнделікті жұмыс жатқаны жөнінде әркім ойлана бермейді.
MEGA-ның барлық инженерлік-техникалық қызметтері Aspans меншікті әзірлемесінің ақпараттық басқару жүйесіне біріктірілгені біздің жұмысымызды жеңілдетеді. Онда нақты уақыт режимінде қызмет көрсетуге және жөндеуге барлық өтінімдер келіп түседі, ал біз оларды жедел өңдей аламыз, - деді білікті маман.
Ол өзі туралы да айтып берді.
Мен спортпен көп айналысатын адаммын. Бос уақытымда волейбол, футбол ойнаймын, сноубордпен сырғанаймын. Жұбайыммен бірге саяхаттауды жақсы көремін. MEGA Silk Way-дегі жұмысым осының барлығымен айналысуға мүмкіндік береді: бізде тұрақты жалақы бар, жұмыс нәтижелері бойынша жылдық бонус бар, компания спортзалға бару шығындарын жабады, жаттығулар мен түрлі жарыстарға қатысу үшін ақы төлейді, - дейді Тимур Каракизов.
Асылбек Тілеубаев – шатыр шебері.

Мен MEGA Silk Way-де 2017 жылдан бастап, яғни ашылғаннан бері жұмыс істеймін. Балташы-сырлаушы болып бастадым, содан кейін жаңа мамандықты игеріп, шатыр шебері болдым. Сауда орталығының ғимараты технологиялық жағынан өте жақсы жасалған. Оны британдық Chapman Taylor сәулет бюросының жобасы бойынша салған, шатыр жабыны да ерекшелік емес – оның көпқабатты құрылымымен жұмыс істеу үшін арнайы білім мен тәжірибе қажет.
Әріптестерімізбен біз қар тазалаумен, ұсақ зақымдарды жоюмен, олардың уақытылы алдын алумен айналысамыз. Менің ойымша, келушілердің азғантайы ғана шатырда қандай жұмыс жүргізіліп жатқандығы туралы ойлайды. Бірақ біз келушілеріміз туралы күн сайын ойлаймыз, СОО-дағы атмосфера және тіпті қауіпсіздік белгілі бір дәрежеде бізге байланысты екенін білеміз, - деп жұмысы туралы баяндады Асылбек Тілеубаев.
.jpg)
Сондай-ақ ол өзі туралы және бос уақытында немен айналысатыны жайлы да айтып берді.
Бос уақытымда мен отбасыммен қалада серуендегенді жақсы көремін, MEGA Silk Way-ге де үнемі келеміз – бұл отбасылық демалыс үшін Астанадағы ең жақсы орын. Жыл сайын сен достарыммен бірге табиғатқа шығу үшін балық аулау маусымының келуін асыға күтемін. Отбасым мен достарымнан бөлек, мен өзімнің ұжымыммен көп уақыт өткіземін, өйткені MEGA-да корпоративті өмір өте қарқынды. Компания біз үшін үнемі мерекелер, спорттық іс-шаралар, тимбилдингтер ұйымдастырады, онда біз өзімізді көрсете аламыз, - деді Асылбек Тілеубаев.
Әсет Иманалин – сантехник.

Мен MEGA Silk Way командасына СОО ресми ашылғанға дейін, 2016 жылдың қараша айында қосылдым. Тоғыз жыл бойы мен сауда орталығын сумен және жылумен қамтамасыз етуге жауаптымын. Бұл жұмыс мамандықта үнемі оқытуды және жетілдіруді талап етеді. Өйткені СОО-да барлық жүйелердің жай-күйі туралы деректерді нақты уақыт режимінде алуға мүмкіндік беретін заманауи технологиялық жабдықтар орнатылған, - дейді Әсет Иманалин.
Оның сөзінше, ай сайын MEGA Silk Way-ге миллионнан астам адам келеді және сапалы сумен жабдықтау болмаса, мұндай маңызды қалалық нысанның жұмыс істеуі мүмкін емес еді. Жұмыс беруші олардың жұмысының маңыздылығын түсінеді және лайықты жалақымен және толық әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар әртүрлі бағыттар бойынша оқытуды ұйымдастырады.
Бос уақытымда мен фитнеспен айналысамын, спортзалға арналған абонемент құнының жартысын бізге жұмыс беруші төлейді. Мен сондай-ақ ән айтқанды ұнатамын және MEGA-ның корпоративті іс-шараларында жиі өнер көрсетемін. Менің тағы бір құмарлығым – бағдарламалау, мен балаларыма (менің үш балам бар) үйренуге ешқашан кеш емес екенін көрсеткім келеді, - дейді сантехник маман.
Құрмет Кәрімов – балташы-сырлаушы.

Мен MEGA Silk Way командасына бір жарым жыл бұрын қосылдым, кішігірім жиһаз цехынан келдім. Мұнда жұмыс ауқымы мүлдем басқа – ауданы 140 мың шаршы метрден асатын ғимарат, оның әр бұрышы мінсіз күйде сақталуы керек. MEGA ашылғаннан бері қонақжайлылықтың жоғары стандарттарын белгілеп келеді. Келушілер бұған үйреніп, тіпті ұсақ-түйектерге де назар аударады, сондықтан біз оған сәйкес болуымыз керек!
Мен мезгіл-мезгіл түнгі ауысымға шығамын, бұл СОО жұмысының ерекшеліктерінің бірі. Біз тапсырмалардың көп бөлігін ашылғанға дейін орындаймыз, өйткені келушілер – біздің көптен күткен қонақтарымыз және олар MEGA Silk Way табалдырығынан аттай салысымен мұнда бәрі мінсіз күйде болуы керек. Түндегі жөндеу жұмыстарынан басқа, сауда орталығында тазалау, тауарларды қабылдау, витриналарды безендіру жұмыстары жүргізіледі – күндіз келушілеріміз мереке атмосферасын сезінуі үшін көптеген адамдар жұмыс істейді, - деп түсіндірді Құрмет Кәрімов.

Маман жұмыстан бөлек бос уақытында балалармен бірге сол MEGA Silk Way-де қонақ ретінде де келетінін атап өтті.
Менің төрт балам бар, олар әкесінің MEGA Silk Way-де жұмыс істейтінін мақтан тұтады. Біз олармен әр демалыс сайын дерлік осында өткіземіз – киноға барамыз, балмұздақ жейміз, коньки тебеміз. Айтпақшы, бұл маған өз жұмысыма келуші тарапынан қарауға, бәрін дұрыс істеп жатқанымызға көз жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ балаларым Жаңа жылға, Балаларды қорғау күніне және 1 қыркүйекке әкелерінің жұмысынан сыйлықтар күтеді – қызметкерлердің 1-сыныпқа баратын барлық балаларына MEGA керемет жиынтықтар сыйлайды, - дейді Құрмет Кәрімов.