Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Мемлекеттік сатып алуда отандық өндірушіге басымдық беріледі – Бектенов

3 Маусым 2025, 13:32
359
Бөлісу:
 Үкіметтің баспасөз қызметі
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Тізілімге енген отандық өндірушілерге басымдық беріледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, қазақстандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімі нақты отандық өндірушіні анықтайтын басты тетікке айналады.

Адал өндірушілер бұл тізілімге автоматты түрде енеді. Ал жалған өндірушілер тізілімге кіре алмайды. Жаңадан өтініш берушілер қарапайым өтініш пен автоматты цифрлық тексеру арқылы ешқандай бюрократиясыз тіркеле алады. Қосымша сарапшылар шақырудың, артық тексерулер мен қағазбастылықтың қажеті болмайды. Барлығы цифрлық режимде, адамның қатысуынсыз жүргізіледі. Осыны ерекше атап өткім келеді, – дейді Премьер.

Ол бұл жүйе сапалы бақылауды қамтамасыз етіп, міндетін адал атқармайтын өндірушілерді анықтауға мүмкіндік беретінін айтады.

Сондай-ақ, Үкімет басшысы барлық ірі кәсіпорындарға өз айналасында шағын және орта бизнестен тұратын белдеу құруды және елішілік құндылық бағдарламасын қабылдауды тапсырды.

Егер кәсіпорындар мұндай бағдарламаларды қабылдамаса, оларға мемлекеттік қолдау көрсетілмейді, – деді Олжас Бектенов.

Бұған дейін хабарланғандай, Премьер-министр Олжас Бектенов тандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімі жасалып жатқанын және жалған өндірушілер енді нарыққа кіре алмайтынын айтты. Сондай-ақ, ол бюджет ақшасы Қазақстан экономикасына жұмыс істеуі керек екенін сөз етті.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »