Маңғыстау облысындағы оқушылардың улану фактілері Денсаулық сақтау министрлігінің алаңдаушылығын тудырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Маңғыстау облысындағы тамақтан улану оқиғалары ерекше алаңдаушылық тудырады. Бұл балаларға арналған мекемелерде тамақтану жүйесін түбегейлі реформалау қажеттігін көрсетіп отыр, – деді Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында.
Балалар объектілердегі қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында министрлік мемлекеттік бюджеттен қаржыланатын мекемелерге мемлекеттік бақылауды күшейтуге бағытталған жаңа тәсілдерді әзірлегенін мәлімдеді.
Енгізілетін негізгі түзетулер:
• Балалар бар объектілер үшін ерекше мәртебе беру;
• Тексеру алдындағы алдын ала хабарламаны алып тастау;
• Санитариялық талаптарды орындау үшін мониторингтік сапарлар енгізу.
Министрдің айтуынша, 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымдарында дұрыс тамақтануға арналған жаңа стандарт енгізіледі. Бұл стандарт семіздік, қант диабеті, жүрек-қан тамырлары сияқты аурулардың алдын алуға бағытталған.
Жаңа талаптарға сәйкес:
• Қант мөлшері – 3,6 есе,
• Тұз мөлшері – 5 есе азайтылады.
Бұл норма балалардағы:
• семіздікті – 15%-ға,
• қант диабетін – 20%-ға,
• артериялық гипертензияны – 18%-ға дейін азайтуға ықпал етеді.
Бұған қоса, ас блоктары жоқ шағын жинақты мектептер үшін бөлек мәзір ұсынылады. Алғаш рет Жеуге жарамсыздық индексі – тәрелкедегі тамақ қалдықтарын бағалау жүйесі енгізіледі.
Жаңа стандарт мектептер мен балабақшаларға қолданылады. Қазіргі уақытта өңірлік басқармалар, мектеп әкімшіліктері мен өнім жеткізушілердің қатысуымен оқыту семинарлары өтуде.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Денсаулық сақтау министрлігі ел мектептерінде жүргізілген санитариялық тексерулер нәтижесін жариялады.