Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Мексикада автобус аударылып, 18 адам қаза тапты

12 Наурыз 2025, 05:11
1062
Бөлісу:
 Anadolu
Фото: Anadolu

Мексикада автобус аударылып, 18 адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ 29 адам жараланған.

Штаттың губернаторы Саломон Хара автобус Мехикодан келе жатып, Митла-Теуантепек трассасында апатқа ұшырағанын айтты.

Губернатор қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, апаттың себебі тексеріліп, анықталатынын мәлімдеді.

Жергілікті БАҚ таратқан мәліметке сәйкес, қаза тапқандардың барлығы «Ұлттық жаңару қозғалысы» (MORENA) билеуші партияның жақтастары болған. Олар Мехикода өткен президент Клаудия Шейнбаумның митингіне қатысып келе жатқан.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »