Франция президенті Эммануэль Макрон ел өзінің қоймаларынан Украинаға техника мен жабдық жеткізу мүмкіндіктерін толық пайдаланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Макрон бұдан былай бұл көмекті арттыру елдің қауіпсіздігіне зиян келтірмей мүмкін емес деп отыр.
TF1 телеарнасының мәліметінше, президент Францияның Киевке көп мөлшерде снарядтар мен түрлі әскери техника, соның ішінде артиллериялық жүйелер бергенін нақтылады.
Біз Украинаға барымызды бердік. Бірақ сізде жоқ нәрсені бере алмайсыз. Біз өз қауіпсіздігіміз үшін қажеттіден өзімізді айыра алмаймыз, - деп атап өтті Макрон.
Бұған дейін 10 мамырда Киевте Украина, Франция, Германия, Ұлыбритания және Польша президенттерінің кездесу өткізді.