Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Каспий жағалауында тағы да жүзден астам итбалық өлексесі табылды

25 Мамыр 2025, 23:50
247
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Маңғыстау облысында Каспий теңізі жағалауындағы мониторинг жұмыстары жалғасуда, бұл жерде тағы да өлі итбалықтардың өлексесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ azh.kz сайтына сілтеме жасап.

Жайық-Каспий балық шаруашылығы инспекциясымен 2025 жылдың 20-21 мамыр аралығында Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласының «Асан», «Баутин көсесі», «Үрдік мүйісі» жерлеріне рейдтік іс-шара жүргізу барысында Каспий теңізі жағалауынан былтыр өлген итбалық өлекселерінің қатарынан қосымша 117 дана қатты ыдыраған итбалық өлекселері табылды.

Денелердің ыдырауына қарағанда, табылған итбалықтар былтыр қараша-желтоқсан айларында өлген. Бекітілген іс-шара алгоритмі бойынша барлық құзырлы мемлекеттік органдарға хабарланды. Жаңа, бұрын мониторинг жүргізілмеген жерлерден табылған итбалықтар қатты ыдырағандықтан, қандай да бір сынамалар алу мүмкін болмады.

Түпқараған ауданының Баутин ауылының әкімдігі қызметкерлері, Түпқараған ауданының полиция бөлімі және балық шаруашылығы қауымдастығының Маңғыстау облысы филиалымен теңіз жағалауынан 5 шақырым қашықтықта жатқан итбалықтардың өлекселері жиналып, полигонда санитарлық нормаларды сақтай отырып, жойылды.

Қазіргі таңда Инспекциямен жағалауда мониторинг жұмыстары жалғасуда. Жалпы, бүгінгі күнге былтыр қараша айынан жиналып, жойылған итбалықтар саны 2194 данаға жетті.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »