Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Іссапар мен жалақыға бөлінген 50 млн теңгені иемденген есепшіге сот үкімі шықты

19 Мамыр 2025, 12:25
567
Бөлісу:
 BAQ.KZ  архив
Фото: BAQ.KZ архив

Қызылорда облысында іссапар мен жалақыға бөлінген 50 млн теңгені заңсыз иемденген есепшіге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қызылорда облысының прокуратурасы бюджет қаражатын жұмсаудың заңдылығы мен тиімділігіне талдау жүргізу барысында "Дарын" облыстық қосымша білім беру орталығының бас есепшісінің заңсыз әрекеттерін әшкереледі. Анықталғандай, есепші іссапар мен жалақы төлемдеріне бөлінген 50 миллион теңге бюджет қаражатын өзінің жеке есепшотына аударып алған.

Облыс прокуратурасымен ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, іс сотқа дейін жеткізілді. Аталған факт бойынша сотпен есепшіге қатысты үкім шығып, 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп жазылған Бас прокуратураның хабарламасында

Айта кету керек, үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »