Қазақстандағы ішкі көші-қон 2024–2025 жылдары белсенді түрде өскен. Мемлекеттік статистика деректеріне сүйенсек, азаматтардың бір өңірден екінші өңірге қоныс аудару үрдісі айтарлықтай артқан. 2024 жылы ішкі көші-қонға қатысқан азаматтар саны 1,51 миллион адамға жетті. Оның ішінде 689,5 мың адам өңіраралық қоныс аударуға қатысқан. Ал 2025 жылдың алғашқы тоқсанында ішкі көші-қонға қатысқан азаматтар саны 18,4%-ға өскен. Осы ретте Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі Қазақстанда басқа қалаға көшу қанша тұратындығы жайлы ақпараттық материал жасады.
Азаматтардың көпшілігі ірі қалаларға, әсіресе Астана, Алматы және Шымкентке қоныс аударуы жиі байқалған. Оның негізгі себептері ретінде жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, білім беру және медициналық қызметтердің қолжетімділігі, сондай-ақ өмір сүру сапасының жоғары болуы себеп болған. Дегенмен inDrive жүк тасымалы сервисінің сарапшылары қазақстандықтардың облыс орталықтарына көшуге сұраныс артып келе жатқанын айтады. Мемлекет тарапынан еңбек күші тапшы өңірлерге қоныс аударуды ынталандыру мақсатында түрлі бағдарламалар мен қолдау шаралары жүзеге асырылып жатқанын да атап өткен жөн болар.

Қалааралық жүк тасымалының құны қандай?
Сарапшылардың айтуынша, жүк тасымалының құны негізінен көліктің түріне, оның жүк көтергіштігіне және жүксалғышының көлеміне байланысты. Қазақстанда тасымал үшін көбіне келесі көлік түрлері қолданылады:
• Шағын жүксалғыш (700 кг-ға дейін жүк көтеретін жеңіл көліктер): тұрмыстық техника мен шағын жиһаз жинақтарын тасымалдау үшін ыңғайлы.
• Орташа жүксалғыш (1,5 тоннаға дейін жүк көтеретін жүк көліктері): ірі көлемді жиһаз бен ауыр жүктер үшін тиімді.
• Үлкен жүксалғыш (5 тоннаға дейін жүк көтеретін жүк көліктері): ірі техника мен көлемді жиһаздарды тасымалдауға арналған.
• Жүксалғыштың бір бөлігі (100 кг-ға дейін): шағын жүктерді жеткізу үшін экономикалық тиімді шешім.
Сарапшылар арнайы техниканы, мысалы, эвакуаторларды, рефрижераторларды немесе ірі көлемді жүктерге арналған арнайы көліктерді де жалға алуға болатынын атап өтті.
Танымал бағыттар мен бағалар
Елімізде жүк тасымалы үшін ең танымал бағыттардың бірнешеуін қарастырып көрелік. inDrive жүк тасымалы сервисінің сарапшыларының айтуынша, шағын жүксалғышпен, жүк тасушылардың көмегінсіз, тасымалдаудың ең төменгі құны мынандай:
• Шымкент–Түркістан – 5 550 теңге;
• Шымкент–Тараз – 6 000 теңге;
• Қарағанды–Астана – 7 200 теңге;
• Шымкент–Алматы – 21 300 теңге;
• Ақтөбе–Атырау – 39 600 теңге.
Бағаға әсер ететін факторлар
Жүк тасымалының құнына төмендегі факторлар ықпал етеді:
• Көлікті жеткізуге арналған базалық төлем;
• Тасымалданатын жүктердің қашықтығы;
• Көліктің түрі мен сипаттамалары.
Маусымдық сұраныс пен ауа райы да жүк тасымалының бағасына әсер ететін маңызды факторлардың бірі. Мысалы, жаз мезгілінде құрылыс жұмыстары мен көшу санының артуына байланысты тасымал бағасы көтерілуі мүмкін.
Қосымша қызметтер
Жүк тасымалы кезінде қосымша қызметтерді пайдалану мүмкіндігі де қарастырылады. Олардың қатарына мыналар кіреді:
• Жүкті тиеу-түсіру жұмыстарын атқаратын жүк тасушылардың қызметі;
• Жүкті сақтандыру (сақтандыру сомасы 2 млн теңгеге дейін жетуі мүмкін);
• Жүкті жеткізу кезінде бірге жүру мүмкіндігі.
Қазақстанда қалааралық жүк тасымалының бағасы көліктің түріне, жүктің көлемі мен тасымал қашықтығына, сондай-ақ маусымдық сұранысқа байланысты өзгеріп отырады. Мұндай қызметтер мегаполистер мен ірі қалаларға көшу кезінде көп сұранысқа ие.
Мемлекеттік қолдау және көші-қонды реттеу
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, елде сыртқы көші-қонның оң динамикасы байқалады. Қазақстанға ТМД елдері мен Қытайдан көптеген білікті маман көшіп келуде. Мемлекет бұл бағытта арнайы бағдарламалар мен шараларды іске асырып келеді.