Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Иран Тель-Авив пен Хайфа тұрғындарын қаладан кетуге шақырды

18 Маусым 2025, 00:32
941
Бөлісу:
 AP Photo / Tomer Neuberg
Фото: AP Photo / Tomer Neuberg

Иран Қарулы күштері Бас штабының бастығы Абдулрахим Мусави Израильдің Тель-Авив және Хайфа қалаларының тұрғындарын өз өмірлерін сақтау үшін бұл аймақтарды тастап шығуға шақырды. Бұл туралы ирандық Mehr агенттігі жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оккупацияланған территория тұрғындары, әсіресе Тель-Авив пен Хайфа халқы өз өмірі үшін бұл қалалардан кетуі тиіс, – деді Мусави.

Ол сонымен қатар Иранның Израильге қарсы жасаған шабуылдарын "тек ескерту" деп атап өтті.

Жазалау операциясы жақын арада жүзеге асады, – деп түйіндеді ол.

Бұған дейін Tasnim агенттігі Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусы (КСИР) Израильдің әскери және барлау инфрақұрылымдарына соққы бергенін хабарлаған. Агенттіктің мәліметінше, шабуыл нәтижесінде Израильдің бірқатар әскери қызметкерлері мен жоғары лауазымды офицерлері қаза тапқан.

Соққы нысаналары ретінде Тель-Авивтің солтүстігіндегі "Моссад" штабы, Амман әскери барлау ұйымы, барлау және операциялық басқарма бөлімшелері аталды.

Еске сала кетейік, 13 маусымда Израиль Иранға соққы жасап, елде төтенше жағдай енгізілген болатын. Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху бұл әскери операцияның мақсаты – Иранның ядролық инфрақұрылымына соққы беру екенін мәлімдеген. Бұған жауап ретінде Иран зымырандық шабуылдардың бірнеше толқынын іске асырды.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »