Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Иран экс-президентінің қаза тапқаны туралы ақпарат жалған болып шықты

17 Маусым 2025, 23:30
501
Бөлісу:
 Hadi Mizban / Reuters
Фото: Hadi Mizban / Reuters

Иранның бұрынғы президенті Махмуд Ахмадинежадтың қаза тапқаны туралы әлеуметтік желілер мен кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында тараған мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді. Бұл туралы IRNA агенттігі Ахмадинежадтың кеңсесіне сілтеме жасап жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ахмадинежад мырзаның өлімі туралы желіде жарияланған хабарламалар шындыққа жанаспайды, - делінген ресми түсініктемеде.

Атап өтсек, 17 маусымда Тегеран көшелерінің бірінде Ахмадинежад пен оның отбасы қарулы шабуылдан қаза тапты деген қауесет тараған болатын. Бұл ақпарат бірқатар әлеуметтік желі парақшалары мен арабтілді БАҚ арқылы тарап, қоғамда алаңдаушылық туғызды.

Сонымен қатар, Иран Қарулы күштері Бас штабының басшысы Абдулрахим Мусави Израильге қарсы операциялар тек ескерту сипатында болғанын, «негізгі жазалау әрекеттері» әлі басталмағанын мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »