Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Иран АҚШ-пен тікелей диалог орнатуға дайын екенін мәлімдеді

12 Сәуір 2025, 06:28
753
Бөлісу:
 pixabay
Фото: pixabay

Иран билігі ядролық бағдарламаға қатысты АҚШ-пен келіссөздер жүргізуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл шешім әлеуметтік наразылықтар, экономикалық дағдарыс және әскери соққы қаупінің артуына байланысты қабылданған,

The New York Times хабарлауынша, Иранның жоғарғы көшбасшысы аятолла Али Хаменеиді билік элитасы келіссөздерге рұқсат беруге көндірген. Бұған дейін ол АҚШ-пен қандай да бір байланысты үзілді-кесілді қолдамаған еді.

Шенеуніктер Иран ядролық қондырғыларына соққы жасалуы мүмкін екенін және бұл ел ішіндегі тұрақсыздықты ушықтыратынын ескерткен.

Иранда қазіргі таңда инфляция өршіп тұр: кейбір азық-түлік бағасы 5 есе өскен. Электр және су тапшылығы елдің бірнеше өңірінде байқалуда. Иран риалы қатты құнсызданып, экономика министрі импичментке ұшырады.

АҚШ президенті Дональд Трамптың мәлімдеуінше, Тегеранмен тікелей келіссөздер бүгін, 12 сәуірде өтеді. Бұған дейін Вашингтон Иранға әскери қысым мен жаңа санкциялар енгізу арқылы диалогқа итермелеген еді.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »