Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Фототұзақ: Ұлттық саябақтарда Қызыл кітапқа енген барыс пен қоңыр аю көзге түсті

30 Мамыр 2025, 06:43
299
Бөлісу:
 Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Фото: Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағында сирек кездесетін және ең жасырын жыртқыштардың бірі – қар барысы (ирбис) камераға түсіп қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кадрлар жоспарлы экологиялық мониторингтің бөлігі ретінде алынды. Мамандар еліміздің Қызыл кітабына енген барыстың пайда болуын тұрақты экожүйенің белгісі және өңірдегі тиімді экологиялық жұмыстардың нәтижесі деп атайды.

Фототұзақ: Ұлттық саябақтарда Қызыл кітапқа енген барыс пен қоңыр аю көзге түсті

Сонымен қатар Алматы мемлекеттік табиғи қорығының аумағында да мониторинг жүргізілуде. Мұнда қызметкерлер мен инспекторлар мемлекеттік қорғауға алынған Тянь-Шань қоңыр аюының (Ursus arctos isabellinus) белсенділігін бақылау үшін камералар мен дрондарды пайдаланған.

Қорғалатын табиғи аумақта жүргізілген экологиялық мониторинг аясында орнатылған фототұзақтар жабайы фаунаның тағы бірқатар өкілдерін –борсық, жабайы шошқа, елік, қарақас (қамысты мысық) тіркеді.

Фототұзақ: Ұлттық саябақтарда Қызыл кітапқа енген барыс пен қоңыр аю көзге түсті
Фототұзақ: Ұлттық саябақтарда Қызыл кітапқа енген барыс пен қоңыр аю көзге түсті

2025 жылдың басынан бері қоңыр аю 25 рет тіркелді. Ғалымдар сирек кездесетін жыртқыштың популяциясына қозғалыс жолдарын, мінез-құлық ерекшеліктерін және табиғи факторлардың әсерін зерттейді. Жиналған материалдар жаңа ғылыми зерттеулер мен жарияланымдарға негіз болды.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »