Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Енді үй жануарларының сандық төлқұжаты eGov Mobile қосымшасында қолжетімді

20 Мамыр 2025, 21:51
340
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

Енді үй жануарларының цифрлық төлқұжаты eGov Mobile мобильді қосымшасының "Сандық құжаттар" бөлімінде қолжетімді. Бұл туралы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құжат мысықтар, иттер және басқа да үй жануарларының иелеріне арналған. Барлық ақпарат Taban – үй жануарларын есепке алудың бірыңғай дерекқорынан алынады. Бұл жүйеде тіркелген жануарлар мен оларға қатысты барлық негізгі мәліметтер сақталады.

Сандық төлқұжатта келесі деректер көрсетіледі:

  • Жануардың лақап аты, тұқымы және түсі;
  • Туған күні және ерекше белгілері;
  • Чиптеу, зарарсыздандыру, вакцинациялау деректері;
  • Тіркелген мекенжайы мен ұстау орны;
  • Иесінің ЖСН және аты-жөні.

Бұл жаңашылдық жануар иелеріне үй жануарларына қатысты маңызды ақпаратты әрдайым қолда ұстауға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »