Ұлыбританияда Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) судьясы Лидия Мугамбе өз отандасын еңбек құлдығына мәжбүрлегені үшін алты жыл төрт айға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы The Guardian басылымы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Прокурорлардың мәліметінше, Уганда Жоғарғы Сотының судьясы Мугамбе жәбірленушіні тұрақты жұмысынан айырып, оны өзінің қызметшісі және бала күтушісі ретінде ақысыз жұмыс істеуге мәжбүрлеген.
Оксфордтағы Корольдік сотта үкім шығарған судья Фокстон бұл істі "өте қайғылы" деп атады. Сонымен қатар, ол Мугамбенің адам құқықтарын қорғау саласындағы бұрынғы жетістіктерін атап өтті. Алайда, сотталушы өз әрекеті үшін өкінбеген және жәбірленушіні кінәлауға тырысқан.
Оқиға салдарынан Лидия Мугамбе БҰҰ судьясы қызметінен босатылды.