Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Елордада "Grand Fest" музыкалық фестивалі басталды

8 Маусым 2025, 04:29
476
Бөлісу:
 ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Астанадағы ашық аспан астындағы амфитеатрда "Grand Fest" музыкалық фестивалінің аясында алғашқы концерт өтті. Шараны "Қазақконцерт" мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Фестиваль шымылдығын "Астана сазы" Қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблінің концерті ашты. Өнер ұжымы дәстүрлі күйлер мен халық әндерін заманауи авторлық өңдеуде орындап, ұлттық мұраны жаңаша әрі тың үлгіде ұсынды.

Концерт барысында көрермендерге эксклюзивті музыкалық композициялар мен жаңадан жазылған туындылар ұсынылды. Әр туынды ансамбль әртістерінің шеберлігін көрсетіп, тыңдарманды ерекше музыкалық саяхатқа жетеледі.

Іс-шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Айзат Қарабек пен Ерболат Шалдыбеков, сондай-ақ халықаралық конкурстардың лауреаты Жанту Дадабаев қатысып, өнер сүйер қауымға әсерлі кеш сыйлады.

Фестиваль көрермендеріне жанды музыка, жанрлық әртүрлілік және амфитеатрдың ашық кеңістігі ерекше атмосфера сыйлап, өнер мен ұлттық рухты ұштастырған мазмұнды кешке айналды. "Grand Fest" алдағы күндері де түрлі концерттік бағдарламалармен жалғасын таппақ.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »