Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Елордада 1 маусымда өтетін Astana Half Marathon кезінде кейбір көшелер жабылады

31 Мамыр 2025, 22:47
619
Бөлісу:
 gov/kz
Фото: gov/kz

Елордада 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде төртінші рет Astana Half Marathon өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әкімдіктің хабарлауынша, биыл жарысқа 30-дан астам елден 8 000 адам қатысады.

Жартылай марафон кезінде қаланың бірқатар көшесінде көлік қозғалысына шектеу қойылады. Көлік қозғалысына қойылған шектеулер көп ұзамай кезең-кезеңімен алынады, – деп жазылған хабарламада.

Жүгіру бағыты Тәуелсіздік алаңынан басталып, "Арқар" және Сығанақ-Мәңгілік Ел көпірлері арқылы өтеді. Қатысушылар "Ақорда", Есіл жағалауы, "Бәйтерек", Abu Dhabi Plaza және EXPO нысандарының жанынан жүгіріп өтеді.

Көлік қозғалысына қойылған шектеулер кезең-кезеңімен алынып, сағат 10:00-де толық қалпына келтіріледі.

Елордада 1 маусымда өтетін Astana Half Marathon кезінде кейбір көшелер жабылады
  • 31 мамыр күні 06:00-ден 1 маусым 11:00-ге дейін Тәуелсіздік даңғылы Ж.Нәжімеденов көшесінен А. Байтұрсынұлы көшесіне дейін көлік қозғалысы шектеледі;
  • 06:50-08:30: Сарайшық көшесі Р.Қошқарбаев даңғылынан Ақмешіт көшесіне дейін;
  • 07:00-07:50: Д.Қонаев көшесі Ақмешіт көшесінен Қазақ радиосы көшесіне дейін;
  • 07:00-07:50: Қазақ радиосы көшесі, Д.Қонаев көшесінен Достық көшесіне дейін;
  • 07:00-07:50: Достық көшесі Қазақ радиосы көшесінен Ақмешіт көшесіне дейін;
  • 07:00-08:50: Ақмешіт көшесі Сарайшық көшесінен Керей-Жәнібек хандар көшесіне дейін;
  • 07:00-08:50: Ақмешіт көшесі Бұқар жырау көшесінен Түркістан көшесіне дейін (EXPO аумағы бойынша);
  • 07:40-09:25: Түркістан көшесі Ақмешіт көшесінен Керей-Жәнібек хандар көшесіне дейін;
  • 07:45-09:40: Түркістан көшесі Керей-Жәнібек хандар көшесінен Сығанақ көшесіне дейін;
  • 07:50-09:45: Сығанақ көшесі Түркістаннан И.Панфилов көшесіне дейін;
  • 08:00-09:55: И.Панфилов көшесі Ш.Қалдаяқов көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін;
  • 08:20-09:50: Ж.Нәжімеденов көшесі, Ш.Қалдаяқов көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін;
  • 08:00-09:55: Тәуелсіздік даңғылы, И.Панфилов көшесінен Ж.Нәжімеденов көшесіне дейін.

Автокөлікпен старт алаңына жету үшін ұсынылған бағыттар:

  • Тәуелсіздік даңғылы арқылы Р. Қошқарбаев даңғылына дейін;
  • "Нұрлы жол" теміржол вокзалы жағынан Ж.Нәжімеденов көшесімен;
  • Әл-Фараби даңғылы арқылы И. Панфилов көшесіне дейін.

Жолдарда кептеліс болуы мүмкін, сондықтан қатысушыларға Тәуелсіздік алаңына автобуспен келу ұсынылады – жақын маңдағы аялдамаларға дейін. Айта кету керек, Тәуелсіздік алаңындағы старт қалашығы маңында көлік тұрағы болмайды. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жолда өзгерістерді ескере отырып, бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет, – деп жазылған әкімдік хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »