Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Депутаттар агенттік өкілінен азаматтардың бір күнде қанша несие алуы мүмкіндігі туралы сұрады.
Айтуынша, елімізде бүгінгі таңда банктер мен микрокредиттік ұйымдар кредиттік бюромен несие тарихын алмаса алмайды.
Қазіргі уақытта екінші деңгейлі банктер мен микрокредит ұйымдары арасында нақты уақыт режимінде кредиттік бюромен несие тарихын алмаса алмайды, - деп атап өтті Олжас Ғизатов Сенаттың жалпы отырысында депутаттардың сауалына жауап бере отырып.
Айтуынша, банктер мен микроқаржы ұйымдарының ІТ-жүйесі айтарлықтай түзету енгізуге мұқтаж.
«Кредиттік бюро туралы» заңға сәйкес, кредиттік бюро және екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдары арасында несие тарихымен алмасу бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады, - деді Қизатов.
Еске салайық, бұған дейін несиесін ерте жапқандар тұрақсыздық айыбын төлемейтіні туралы жазған едік.