Қазақстандық теннис жұлдызы Елена Рыбакина (WTA №11) Францияда өтіп жатқан "Ролан Гаррос" – 2025 турнирінің екінші айналымында айқын басымдықпен жеңіске жетті. Ол америкалық теннисші Ива Йовичті (WTA №129) 6:3, 6:3 есебімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Үшінші айналымда қазақстандық теннисші латвиялық Елена Остапенкомен (WTA №21) кездеседі. Остапенко бұған дейін америкалық Каролин Доулхайдты (WTA №67) 5:7, 6:3, 6:3 есебімен жеңіп шыққан.
Турнир 25 мамыр мен 7 маусым аралығында Парижде өтіп жатыр. Жалпы жүлде қоры – 56 352 000 еуро, ал чемпион 2 550 000 еуро мен 2000 рейтингтік ұпайға ие болады.
Айта кетейік, қазіргі чемпион – польшалық Ига Швёнтек.