Экс-министр кепілақы төлемегені үшін қамауға алынды

15 Мамыр 2025, 00:34
519
Бөлісу:
 РИА Новости/Давид Хизанишвили
Фото: РИА Новости/Давид Хизанишвили

Тбилиси қалалық соты Грузияның бұрынғы Қорғаныс министрі Ираклий Окруашвилиді кепілақы төлеуден бас тартқаны үшін тұтқындады. Бұл туралы жергілікті "Интерпрессньюс" агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сот мәліметінше, Окруашвили 20 мың лари (шамамен 7,3 мың доллар) көлеміндегі кепілақыны әдейі төлемеген. Осыған байланысты айыптаушы тарап бұлтартпау шарасын өзгертіп, оны қамауға алу жөнінде өтініш білдірген. Сот өтінішті қанағаттандырды.

Экс-министрге 2003-2012 жылдар аралығында қызмет атқарған кезінде, экс-президент Михаил Саакашвили әкімшілігінің құрамында болған басқа шенеуніктермен бірге қылмыстық әрекеттерге қатысы бар деген айып тағылған.

Айта кетейік, осыған дейін, 12 мамырда Грузия соты бұрынғы президент Михаил Саакашвилиді мемлекет қаржысын ысырап етті деген айыппен тоғыз жылға бас бостандығынан айырған болатын. Прокуратураның дерегінше, Саакашвили 9 миллион лариден (3,2 миллион доллардан астам) астам қаражатты негізсіз жеке қажетіне, соның ішінде сәнді тауарларға жұмсаған.

Бұған қоса, 2024 жылдың 5 ақпанында Грузия парламенті Саакашвилидің президенттік мерзімі кезінде (2004–2007, 2008–2013) жасалған заңбұзушылықтарды зерттейтін арнайы комиссия құруды мақұлдаған еді. Бұл бастаманы 150 депутаттың 83-і қолдап дауыс берген.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »