Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Дәрігер: Салауатты өмір салтына мектеп қабырғасынан баулуымыз керек

15 Мамыр 2025, 20:04
254
Бөлісу:
 кейіпкердің жеке мұрағатынан
Фото: кейіпкердің жеке мұрағатынан

Бұл туралы профессор, Астана Медицина Университеті жанындағы академик Е. Д. Даленов атындағы ғылыми зерттеу институтының аға оқытушысы Бағай Назарбайұлы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, салауатты өмір салтын қалыптастыруды мектеп қабырғасынан бойға сіңірген жөн.

Негізі салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін халық сауатты болуы керек. Халықтың сауатын қалай ашамыз? Оны мектептен бастау керек. Мектептен отбасын жоспарлау сұрағын жолға қою қажет. Мектептен дұрыс тамақтану, биорежимді дұрыс сақтау, генетикалық аурулар қайдан пайда болады, жыныстық жолмен таралатын түрлі жұқпалы ауруларды бала білгені дұрыс. Бала сол аурулардың кейін пайда болатын салдарын білгені абзал. Басқа жолмен біз оны шеше алмаймыз. Кейін кеш болады, - деп атап өтті профессор.

Сонымен қатар ол осы тұрғыда мектепте оқытуға арнайы бағдарлама әзірлеуді ұсынды.

Мектеп жасында біз балалардың сауатын ашсақ, арнайы бағдарлама жасасақ, 5-10 жылда оның жемісі көріне бастайды. Әйтпесе, қазіргі қоғамда дұрыс тамақтанбаудың салдарынан артық салмақтың жиналуы, түрлі ауруларға шалдығу, қант диабеті сынды ауруларды тоқтата алмаймыз. Қоғам дамып, ақпарат ағыны күшейген сайын жыныстық аурулар өте көп және өте тез таралуда. Оны көп адам жасырады, жасырып емделеді. Біз оны болдырмау үшін, азайту үшін мектептен бастауды ұсынамын, - деді Бағай Назарбайұлы.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »