Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Чехияның Әділет министрі есірткі сатушыдан биткоин алғаны үшін отставкаға кетті

31 Мамыр 2025, 05:18
531
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

Чехияның Әділет министрі Павел Блажек қызметінен кетті. Мұндай шешім оның есірткі саудасынан сотталған қылмыскер Томаш Иржиковскийден министрлік бақылауындағы биткоинде шамамен бір миллиард чех кроны алғаны туралы жанжалдан кейін қабылданды. Бұл туралы Чехия радиосы жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Азаматтық демократиялық партиясының (ODS) депутаты Ян Скопечек Блажектің отставкасы күтпеген шешім болғанын атап өтті.

Бұл істі тергеу бірнеше аптаға созылады деп ойлаған едім. Бірақ оның дәл бүгін отставкаға кететініне сенбеген едім, – деді Скопечек.

Министр Блажек өз әрекетінің заңдылығын қорғап, мәміленің таза болғанын мәлімдеуде. Қазіргі таңда бұл аударымның заңсыз екені нақты дәлелденген жоқ.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »