"Қазгидромет" РМК бүгін, 29 мамыр күні Қазақстанның бірнеше қаласында ауа сапасының нашарлайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атап айтқанда, Ақтөбе мен Алматы қалаларында, сондай-ақ түнгі уақытта Қостанай мен Астанада ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары болжанып отыр.
Қазгидромет мамандарының түсіндіруінше, қолайсыз метеожағдайлар – атмосфералық ауаның төменгі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін ауа райының факторлары. Бұған тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман және инверсия жатады.
Мұндай жағдайлар кезінде елдімекендерде ауа сапасы нашарлауы мүмкін, сондықтан тұрғындарға денсаулықтарын сақтау мақсатында сыртқа сирек шығу және қорғану шараларын қолдану ұсынылады.
Сонымен қатар, синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы, түнгі үсік, және жоғары өрт қаупі сақталатынын да ескертті.