Бүгін еліміздің үш қаласында ауа ластанады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 2025 жылғы 2 маусымда Астана және Өскемен қалаларында, сондай-ақ түнде Қостанай қаласында атмосфералық ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына себеп болатын қысқамерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Мұндай жағдайда елдімекендердегі ауа сапасы төмендеуі мүмкін.
Мамандар тұрғындарды мүмкіндігінше ашық ауада ұзақ уақыт болмауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады.