Бүгін еліміздің бір қаласында ғана ауа ластанады

Кеше, 07:14
385
Бөлісу:
Бүгін еліміздің бір қаласында ғана ауа ластанады
Фото: istockphoto.com

Бүгін, 19 мамырда Қазақстанның көптеген қалаларында метеорологиялық жағдайлар қолайлы болады. Алайда Ақтөбе қаласында атмосфералық ауаның ластануына ықпал ететін қолайсыз метеожағдайлар болжануда, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның төменгі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына себеп болатын қысқа мерзімді табиғи құбылыстар (тыныш ауа райы, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы болып табылады.

Мұндай жағдайда елді мекендердегі ауа сапасының нашарлауы мүмкін. Ластану деңгейіне әсер ететін негізгі факторлар – желдің жылдамдығы мен бағыты, жауын-шашын, ауа температурасы мен ылғалдылығы секілді синоптикалық жағдайлар.

Мамандар тұрғындарға қажетсіз жағдайда сыртқа шықпауды және жеке қорғаныс шараларын сақтауды ұсынады.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »