Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

3 Маусым 2025, 07:12
303
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

"Қазгидромет" РМК бүгінге, 3 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады. Ауа райының тұрақсыз сипатына Солтүстік-Батыс циклонының ойпаты мен атмосфералық фронтальды бөліктері әсер етеді. Соның салдарынан республиканың көп бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы, желдің күшеюі, ал елдің оңтүстігі, оңтүстік-батысы мен солтүстік-батысында шаңды дауылдар күтіледі. Сондай-ақ батыс пен орталық аймақтарда дауыл болады деп болжануда.

Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының орталығы мен оңтүстігінде, Ақмола облысының орталығы, солтүстігі мен шығысында, Ұлытау облысының орталығы, шығысы және оңтүстік-батысында, Абай облысының орталығы мен солтүстік-батысында, Атырау облысының шығысы мен орталығында, Қызылорда облысының солтүстігінде, Қостанай облысының солтүстік-батысында, Павлодар облысының орталығында, Жамбыл облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Түркістан мен Алматы облыстарының орталығында және Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады, – делінген Қазгидромет хабарламасында.

Бұған қоса, бірқатар өңірлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Атап айтқанда Қызылорда, Түркістан (тау бөктеріндегі аудандар), Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Ақтөбе (оңтүстік-шығысы), Атырау (оңтүстігі, солтүстігі және батысы), Алматы (солтүстігі), Маңғыстау (батысы), Қостанай (оңтүстігі), Абай, Ұлытау, Павлодар (шығысы мен оңтүстік-шығысы), Жетісу облысының солтүстігі мен шығысында
төтенше өрт қаупі күтіледі.

Мамандар азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға, ашық алаңда от жақпауға және табиғи өрттердің алдын алуға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »