Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бүгін елдің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

26 Мамыр 2025, 06:18
183
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2025 жылғы 26 мамырда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Ақтөбе, Қарағанды қалаларында күтіледі, – деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал. 

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »