Бүгін Қазақстанның бірқатар қалаларында ауа райы метеорологиялық тұрғыда қолайлы болады, алайда Ақтөбеде қолайсыз метеожағдайлар күтілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, Ақтөбе қаласында ауаның ластануына ықпал ететін метеорологиялық факторлар қалыптасады.
Қолайсыз метеожағдайлар (ҚМЖ) — атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына әсер ететін қысқа мерзімді ауа райы құбылыстарының (тыныштық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Мұндай жағдайда елді мекендерде атмосфералық ауа сапасының нашарлауы мүмкін.
Ауа сапасының қалыптасуына әсер ететін негізгі факторлар – желдің күші мен бағыты, жауын-шашын, ауа ылғалдылығы мен температурасы болып табылады.
Мамандар Ақтөбе тұрғындарына ауа сапасына назар аударып, қажет жағдайда сақтық шараларын қабылдауды ұсынады.