АҚШ-тың Теннесси штатында бортында алдын ала мәлімет бойынша 16-20 адам болған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы CNN мемлекеттік жол патрульдік қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Теннесси тас жол патрульдік полициясының қызметкерлері Олд-Шелбивилль-роуд жолында ұшақ апаты болған жерде көмек көрсетуде, – деп жазылған ресми мәлімдемеде.
Бірнеше адам эвакуацияланып, ауруханаларға жеткізілді. Оқиға орнында құтқарушылар мен тергеушілер жұмыс істеп жатыр. Ұшақ апатының мән-жайы анықталып жатыр.
