Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бокстан Әлем кубогі: Ертуған Зейнуллинов 1/4 финалда

3 Шілде 2025, 01:10
338
Бөлісу:
 Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Қазақстан ерлер құрамасының былғары қолғап шебері Ертуған Зейнуллинов елімізде өтіп жатқан Әлем кубогының ширек финалына өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан ерлер құрамасының былғары қолғап шебері Ертуған Зейнуллинов елімізде өтіп жатқан Әлем кубогының ширек финалына өтті.

Қазақстандық боксшы 65 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғауда. Жерлесіміз 1/8 финалда түркиялық спортшы Ахмет Пекельмен өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде Ертуған Зейнуллинов айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Осылайша, отандасымыз жартылай финалға шығу үшін бақ сынайды.

Бұған дейін Виктория Графеева бокстан Астанадағы Әлем кубогында екінші жеңісіне қол жеткізгенін жазғанбыз. Сондай-ақ Аида Әбікеева алғашқы жекпе-жегін жеңіспен аяқтады.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »