Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Биыл ақша жинап, мектеп бітіру кешін өткізуге рұқсат етіле ме?

2 Мамыр 2025, 16:50
5036
Бөлісу:
 Артём Чурсинов  - архив
Фото: Артём Чурсинов - архив

Оқу-ағарту министрлігі осы сұраққа қатысты ұстанымын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Барлық оқушы үшін тең жағдай мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мектеп форматынан тыс, сән-салтанатты іс-шаралар ұйымдастыру, ақша жинау, автокөлікпен шеруге шығу және басқа да мерекелеу түрлеріне жол берілмейді, - деді министрлік.

2024-2025 оқу жылын еліміз бойынша 3,9 миллионнан астам оқушы қорытындыласа, оның ішінде 217 мыңнан астам түлек мектеппен қоштасады.

Еске сала кетейік, биылғы оқу жылының ресми аяқталуы жексенбі күнімен сәйкес келгендіктен, 11-сынып түлектері үшін салтанатты шара мектеп әкімшілігінің шешімімен 23 немесе 24 мамырда өткізіледі.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »