Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Битум өндірісі: Қазақстан аймақтық хабқа айнала ала ма?

3 Маусым 2025, 09:30
526
Бөлісу:
 автордан
PHOTO
Фото: автордан

Қазақстанға келген Орталық Азия мен Қытай журналистері еліміздің бірқатар өндірістік нысанымен танысты. Соның бірі - Ақтаудағы мұнай өңдеу зауыты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл кәсіпорын — жол құрылысына қажетті битум өндірісіне маманданған еліміздегі ірі нысандардың бірі.

Зауыт 2013 жылы іске қосылып, кейін бірнеше кезеңде жаңғыртудан өтті. Соңғы жаңғырту жұмыстары 2024 жылдың қарашасында басталып, небәрі бес айда аяқталған. Жобаның нәтижесінде зауыт жылына 1,5 миллион тонна мұнай өңдеп, 750 мың тоннаға дейін битум өндіруге қауқарлы.

Битум өндірісі: Қазақстан аймақтық хабқа айнала ала ма?

Кәсіпорынның бас директоры Сун Гуантаоның айтуынша, кеңейту жұмыстары толықтай шетелдік жобалау институттарының техникалық шешімдері негізінде жүзеге асқан.

Бұл – өзіміз жобалап, өзіміз салып, өзіміз пайдаланатын өндірістік кооперация үлгісі. Құрылғылардың барлығы шетелде жасалды, ал құрылысқа Қытай аймақтарынан 200-ден астам жұмысшы тартылды. Барлық рұқсат заң аясында беріліп, құрылыс белгіленген мерзімнен бұрын аяқталды, – деді ол.

Битум өндірісі: Қазақстан аймақтық хабқа айнала ала ма?

Сун Гуантао сондай-ақ зауыттың өнімдері жол құрылысы саласында пайдаланылып жатқанын, өндіріс нәтижелері өз қажеттіліктерімен тиімді сәйкестендірілгенін айтты.

Битум өндірісі: Қазақстан аймақтық хабқа айнала ала ма?

Ал кәсіпорын директорының бірінші орынбасары Талғат Мұқанов зауыттың қазіргі жағдайы мен даму жоспары туралы пікір білдірді.

2022-2025 жылдары өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында жүйелі жаңғырту жүргіздік. Қысқа уақыт ішінде жобаны жүзеге асыруға Қытай және Қазақстан мамандары бірлесе жұмыс істеді. Бұл – екі ел арасындағы нақты әріптестіктің нәтижесі, – деді ол.

Битум өндірісі: Қазақстан аймақтық хабқа айнала ала ма?

Оның айтуынша, зауыт ішкі нарықтағы битум сұранысының едәуір бөлігін өтеуге дайын. Қазақстанда жыл сайынғы сұраныс шамамен 1,2 миллион тонна, ал кәсіпорын өндірісі осы көлемнің жартысынан астамын қамтамасыз ете алады.

Битум – маусымдық өнім. Жыл бойы үздіксіз жұмыс істеу үшін біз фасонды битум өндіру мен сақтау инфрақұрылымын дамытуға ниеттіміз. Қазіргі басты мақсат – ішкі нарықты толық қамту, – деді Мұқанов.

Битум өндірісі: Қазақстан аймақтық хабқа айнала ала ма?

Зауытта 237 қызметкер жұмыс істейді. Өндірісте қазақстандық мамандар басым, ал басқару буынында шетелден келген алты маман ғана бар. Кәсіпорындағы орташа жас – 40 шамасында.

Өндірісте экологиялық талаптар сақталады. Газ қалдықтары жоғары температурада жойылып, тазартылған су көгалдандыру мақсатында қолданылады.

Битум өндірісі: Қазақстан аймақтық хабқа айнала ала ма?

Зауыт бұған дейін ҚР Президентінің "Парыз" сыйлығын жеңіп алған, ұжымдық келісімшарт бойынша үздік деп танылған.

Қазіргі таңда экспортқа шығару жоспарда жоқ. Алайда алдағы уақытта Румыния сынды еуропалық нарықтарға шығу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Өнім сапасы тиісті халықаралық стандарттарға сай келеді.

Битум өндірісі: Қазақстан аймақтық хабқа айнала ала ма?

Кәсіпорын жабдықтарының бір бөлігін отандық өндірісшілерден сатып алу да жолға қойылып жатыр. Бұл жергілікті өнеркәсіптің дамуына ықпал етуі мүмкін.

Бұл жобада тек шикізат емес, қайта өңделген, қосылған құны жоғары өнім өндіріледі. Бұл ел үшін де, тұрғындар үшін де маңызды. Мысалы, жаңа жұмыс орындары құрылып, техникалық мамандар даярланып жатыр, – дейді Талғат Мұқанов.

Битум өндірісі: Қазақстан аймақтық хабқа айнала ала ма?

Мамандардың болжамынша, өндіріс қуатының артуы Қазақстандағы битум нарығындағы импортқа тәуелділікті азайтып, болашақта Орталық Азия өңіріне өнім жеткізуге де жол ашуы мүмкін.

Баспасөз турын Қытайдың жетекші ақпарат құралдарының бірі – "Жэньминь жибао" газеті ұйымдастырғанын еске сала кетейік. Бұған дейін шетелдік журналистер Алматыдағы Алма-Арасан шатқалында болды.

Айта кетейік, маусым айында Астанада өтетін "Орталық Азия – Қытай" саммитінде осындай жобаларға қатысты екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқылануы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »