Отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімі жасалып жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Үкімет қазақстандық тауар өндірушілер бәсекеге қабілетті болуы үшін олардың өндірістік жүктемесін арттыруға бағытталған елшілік құндылықтарды дамыту тетіктерін іске қосып жатыр. Қабылданған шаралардың нәтижесінде өткен жылдан бастап өңдеуші сектор өнім шығару көлемі жағынан тау-кен саласын басып озды, - деді Бектенов.
Премьер-министрдің сөзінше, қарқынды үдете түсу керек.
Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйеcін біріктіру арқылы цифрлық шешімдер негізінде отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімі жасалып жатыр. Адал өндірушілер оған автоматты түрде қосылады. Ал, "жалған өндірушілер" тізілімге ене алмайды. Жаңадан өтініш берушілер қарапайым өтініштің және автоматты цифрлық тексеру негізінде ешқандай бюрократиясыз қосыла алады. Сарапшыларды шақыру мен басы артық тексерулерден өтудің және көп қағаз толтырудың қажеті болмайды. Барлығы цифрлық режимде, адамның қатысуынсыз жүргізіледі, осыны баса айтқым келеді. Бұл сапалы бақылауды қамтамасыз етіп, міндетін адал атқармайтын тауар өндірушілерді анықтауға мүмкіндік береді, - дейді Үкімет басшысы.