Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Bank of America: Сауд Арабиясы мұнай үшін ұзақ мерзімді баға соғысын бастады

10 Маусым 2025, 03:18
571
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Сауд Арабиясы әлемдік мұнай нарығындағы өз үлесін қайтару мақсатында ұзақ мерзімді баға соғысын бастап кетті. Бұл туралы Bank of America-ның шикізатты зерттеу бөлімінің басшысы Франсиско Бланш Bloomberg TV-ге берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл баға соғысы қысқа әрі қарқынды емес, ұзақ әрі біртіндеп жүретін болады, – деді сарапшы.

Оның пікірінше, Эр-Риядтың басты қарсыластары – өндірістік шығындары жоғары АҚШ мұнай компаниялары. Сонымен қатар Сауд Арабиясы ОПЕК+ ұйымының өзге мүшелерінен де нарықтағы үлесін қайтаруға күш салып отыр.

Мұнай бағасына әсер ететін басқа факторларға да тоқталған Бланш, 31 мамырда ОПЕК+ құрамындағы сегіз елдің тәуліктік мұнай өндіруді қатарынан үшінші рет – 411 мың баррельге арттыру туралы шешім қабылдағанын еске салды. Бұл қадам жаһандық экономиканың тұрақты даму болжамына және мұнай қорларының төмен деңгейіне негізделген. Алайда ұйым мұндай өндіріс көлемі өзгермелі нарықтық жағдайға қарай қайта қаралуы мүмкін екенін де атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »