Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Балаева Сара Назарбаеваның денсаулығына қатысты пікір білдірді

30 Мамыр 2025, 15:59
2085
Бөлісу:
 коллаж BAQ.KZ
Фото: коллаж BAQ.KZ

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Сара Алпысқызының (Назарбаева) денсаулығы және өлімі туралы тараған жалған ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақорданың кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген министр ем қабылдап жатқан адам туралы алып-қашпа әңгімелердің "өте қатыгез" екенін айтты.

Бұл жеке өмірге қатысты болғандықтан, нақты мәліметтерге ие емеспін. Бұл адамның жеке өміріне қатысты. Бірақ әлі күнге дейін Тұңғыш Президенттің жарын тірі ме, жоқ па деп талқылап жату – өте қатыгездік. Егер қандай да бір ресми хабар бола қалса, бұған дейін баспасөз хатшысы Үкібай жасағандай, ресми түсініктеме беріледі, - деді Аида Балаева.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы күндері желіде Сара Алпысқызының жағдайы туралы түрлі қауесеттер тараған болатын. ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі Айдос Үкібай Сара Алпысқызы қайтыс болды деген ақпарат жалған екенін және оның ем қабылдап жатқанын жеткізген болатын.

Министр Аида Балаева осы ретте тек ресми ақпаратқа сүйенуге шақырды.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »