Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Азық-түлік бағасы қалай реттеледі – министрлік нақты шараларды атады

29 Мамыр 2025, 17:40
1418
Бөлісу:
 Жасанды интеллект
Фото: Жасанды интеллект

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін Сауда және интеграция министрлігі бірнеше нақты шараларды іске асырып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрлік бұл жұмысқа басқа да мемлекеттік органдарды тартып отыр.

Ведомствоның мәліметінше, ӘМАТ бағасын ұстап тұру үшін мынадай шаралар қолға алынған:

  • Ауыл шаруашылығы министрлігі отандық өндірісті арттыру және өңдеуді кеңейту, сондай-ақ импортқа тәуелділікті азайту мақсатында бірқатар құжат қабылдады;
  • Маусымаралық кезеңде тауарлық интервенциялар арқылы бағаны тұрақтандыру көзделген;
  • Қажет болған жағдайда тарифтік және тарифтік емес реттеу тетіктері іске қосылады;
  • Сауда үстемеақысының шекті мөлшерін сақтау қатаң бақылауда;
  • Өңірлік комиссиялар делдалдық схемаларды тексеріп, өнімсіз делдалдарды жою бағытында белсенді жұмыс істеуде;
  • Сауда үстемеақысын асыру фактілері үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту көзделген. Бұған дейін қолданылып келген “ескертудің” орнына айыппұл салу тәртібі қарастырылды;
  • Маусымаралық кезеңде ішкі нарықты қамтамасыз ету мақсатында импорттық көкөніс жеткізу жолға қойылды;
  • Заманауи сауда жүйелерін кеңейту, нарықтарды жаңғырту және көтерме-тарату орталықтарын салу жұмыстары жалғасуда.

Одан бөлек, жұмыртқа бағасының күрт өсуіне жол бермеу үшін Сауда және интеграция министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан құс өсірушілер одағы, Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы және Сауда желілерінің одағы өзара меморандумға қол қойды.

Құжатта С1 санатты жұмыртқаның 30 даналық қорабының бағасы 55 теңгеден аспауы тиіс (ҚҚС-ты қосқанда) деген шарт бекітілген.

Еске салсақ, біз бұған дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының көтерілуіне ішкі ғана емес, сыртқы факторлар да әсер етіп отырғанын жазған едік.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »