Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Азия чемпионаты: Қазақстанның құрамасы медаль иеленді

5 Маусым 2025, 18:29
340
Бөлісу:
 ҰОК
Фото: ҰОК

Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы спорттық гимнастикадан командалық көпсайыста қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жүлдені Нариман Курбанов, Милад Карими, Дмитрий Патанин, Роман Маменов, Ілияс Әзізов пен Әлішер Тойбазаров иеленді. Олар жалпы 240.301 ұпай жинады.

Бірінші орынды Жапония құрамасы (253.002 ұпай), ал екінші орынды Қытай құрамасы (248.265 ұпай) иеленді.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »