Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Әйгілі француз актері зорлық ісі бойынша кінәлі деп танылды

13 Мамыр 2025, 17:34
1234
Бөлісу:
 видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Франция соты әйгілі актер Жерар Депардьені екі әйелге сексуалдық сипаттағы зорлық көрсетті деп танып, 18 ай шартты жазаға кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл – актерге қатысты алғашқы сот үкімі. Бұған дейін оған осындай сипаттағы бірнеше айып тағылған болатын.

Сот мәліметінше, Депардье 2021 жылы "Зеленые ставни" фильмі түсірілімі кезінде декоратор-художник Амели К. мен режиссер көмекшісі Сараға тиіскен.

Актер үкім жарияланған сот отырысына қатысқан жоқ, себебі ол қазір Азор аралдарында фильм түсіріліміне қатысып жатыр.

Не болған?

Тергеу кезінде Амели К. актердің өзін аяқтарының арасына қысып, денесіне қол тигізгенін және бір уақытта сексуалдық сипаттағы ескертулер айтқанын баяндаған. Ал режиссер көмекшісі Сара актердің киім арқылы оның кеудесі мен бөксесіне бірнеше рет қол тигізгенін айтты.

Сот Депардьенің берген түсініктері мен айғақтарының бірізді болмағанын атап өтті. Ал жәбірленуші тараптың сөздері тұрақты әрі нақты болған.

Депардье не дейді?

Актер тағылған айыптарды жоққа шығарды. Оның айтуынша, егер әйелдерге қолы тиген болса, бұл – кездейсоқ болған. Ол тіпті "әйелге қол тигізуді сексуалдық агрессия деп санамаймын" деп мәлімдеген. Сот бұл сөздерді елемей қалдырған жоқ.

Актердің адвокаты сот үкіміне шағым түсіретінін хабарлады.

Мен оның белінен ұстадым, өйткені тайып кетпейін дедім. Мен ол үшін, түсірілімнің соңына жүйкем жұқарып жүрген еді. Бұл жұма күні болатын, мен қатты шаршадым, - деді Депардье соттағы сөзінде.

Аталған фильм – қартайған актердің өмірін баяндайды. Жерар Депардье онда басты рөлді сомдаған.

Бұл – Депардьеге қатысты алғашқы іс сотқа жетіп, нақты үкім шыққан жағдай. Алайда жалпы алғанда актерге шамамен 20 шақты әйел тарапынан түрлі сипаттағы орынсыз әрекеттерге қатысты айып тағылған.

Айыптау тарабы соттан 76 жастағы актерге 18 ай шартты жаза мен 20 мың еуро көлемінде айыппұл салуды сұраған.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »