Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Австралияда су тасқынынан бес адам қаза тапты

25 Мамыр 2025, 05:30
616
Бөлісу:
 REUTERS/Hollie Adams
Фото: REUTERS/Hollie Adams

Австралияның оңтүстік-шығысында орын алған жойқын су тасқыны салдарынан кем дегенде бес адам қаза тауып, 10 мыңнан астам үй мен ғимарат су астында қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Елдің премьер-министрі Энтони Албанезенің мәлімдеуінше, апаттан кейін зардап шеккен аумақтарды тазарту жұмыстары басталып кетті.

Су тасқынының соңғы құрбаны – 80 жастағы ер адам, оның денесі ең көп зардап шеккен өңірлердің бірінен табылды.

Апат салдарынан жүздеген тұрғын әлі де эвакуациялық орталықтарда тұрып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, су тасқыны үш күн бойы толассыз жауған жаңбырдың салдарынан болған.

Апат кезінде 50 мыңға жуық адам байланыссыз қалып, елді мекендер оқшауланған. Климаттанушылардың пікірінше, мұндай табиғи апаттардың жиілеуіне климаттың өзгеруі себеп болуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »