Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Атырау облысында қамыс өртін сөндіруге 30 тонна су төгілді

1 Маусым 2025, 19:06
321
Бөлісу:
 ТЖМ
Фото: ТЖМ

Атырау облысында қамыс өртеніп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Өртті ТЖМ әуе авиациясы сөндіруде.

"Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерватының аумағында қамыс өсімдіктерінің жануы тіркелген.

Осы сағатта алдын ала өрт алаңы шамамен 30 гектар. Жалпы ауданы 280 гектарды құрады,оның 250 гектары сөндірілді.

Қазіргі уақытта ТЖМ құтқарушыларымен өрттің одан әрі таралуын болдырмау үшін сөндіру және жер жырту жұмыстары жүргізілуде. Елді мекендерге қауіп жоқ. Сондай-ақ жұмылдырылған "Қазавиақұтқару"АҚ су төгетін құрылғысы бар тікұшағымен 10 рет 30 тонна су төгу жұмыстары жүргізілді. Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД, "Ақжайық" МТР жеке құрамынан 110 адам және 26 техника, сондай-ақ ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы жұмылдырылды, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Жердің сулы-батпақты және қамыстардың қалың, биік болуы қамыс жануын сөндіруге қиындық туғызуда.

Оқиға орнында ТЖД басшылығы бар. Өрт сөндіру штабы құрылды. Жағдай ТЖМ бақылауында.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »