Астанада Тәуелсіздік даңғылының бір бөлігі жол жабынының жоғарғы қабатының ауыстырылуына байланысты жабылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Елорда әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Тәуелсіздік даңғылының Қажымұқан Мұңайтпасов көшесінен Бауыржан Момышұлы даңғылына дейінгі аралығына жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Осыған байланысты, 20-25 маусым аралығында көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы екі бағытта да тараптардың бірі бойынша ұйымдастырылатын болады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады, – деп жазылған әкімдік хабарламасында.