Астанада шахматтан Қазақстан чемпионатының финалы басталды

Кеше, 15:51
362
Бөлісу:
Астанада шахматтан Қазақстан чемпионатының финалы басталды
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

21 мамыр мен 1 маусым аралығында Астана қаласында шахматтан Қазақстан чемпионатының финалдық кезеңі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Турнирге елдің ең үздік 28 шахматшысы қатысады. Финал Open және Women санаттарында ұйымдастырылады. Әр санатта 14 ойыншыдан бақ сынайды. Жарыс айналмалы жүйе бойынша 13 турдан тұрады. Уақыт бақылауы – әр партияға 90 минут, әр жүріске қосымша 30 секунд беріледі.

Бұл жолғы турнир – есеп үшін емес, мәртебе үшін болмақ. Яғни қатысушылар жеке-дара өнер көрсетеді. Бір командада ойнап жүрген спортшылар да бұл жолы қарсыластарға айналады. Яғни әр ойыншы тек чемпион атағы үшін күреседі.

Астанада шахматтан Қазақстан чемпионатының финалы басталды

Қазақстан чемпионатына іріктеуден өткен шахматшылар қатысып жатыр. Былтырғы ҚР чемпионатында 1-5 орын, жартылай финалда 1-2 алғандар және балалар арасында 1-2 орын алғандар бар. Қалған номинанттар шахмат федерациясының ұсынысы бойынша қатысады. Қазір шахмат жасы өзгерді. Қыздар арасында ең үлкені -23 жас болса, ерлер арасында - 30 жас. Бұл чемпионат бапкерлердің айтуы бойынша мықтылармен бірге жас балаларды, үміткерлерді ойнату оларға үлкен тәжірибе береді. Жүлде қоры -20 млн теңге. Осы жарыс ұлттық құрамаға іріктеуге негіз болады. Былтыр шахматтан олимпиадада қыздарымыз тарихи үлкен жеңіске жетті. Бүгінгі жарысқа да сол қыздар қатысып жатыр, - деді шахмат федерациясының вице-президенті  Марат  Есенов.

Астанада шахматтан Қазақстан чемпионатының финалы басталды
Астанада шахматтан Қазақстан чемпионатының финалы басталды
Астанада шахматтан Қазақстан чемпионатының финалы басталды
Астанада шахматтан Қазақстан чемпионатының финалы басталды

Финалға тек үздік шахматшылар ғана жолдама алды. Олардың қатарында:

- 2024 жылғы Қазақстан чемпионатының 5 үздік ойыншысы;
- 2025 жылғы жартылай финалдың 3 жеңімпазы;
- 2025 жылғы жастар чемпионатының 2 үздігі (U18 және U20);
- ҚШФ Жаттықтырушылар кеңесінің 4 ұсынылған қатысушысы бар.

Women санатындағы басты үміткерлер:

- Меруерт Камалиденова (2345) – 2021 және 2022 жылғы чемпион;
- Ксения Балабаева (2311) – 2023 жылғы чемпион;
- Амина Қайырбекова (2344) – қазіргі ел чемпионы;
- Алуа Нұрман (2338) – Азия блиц чемпионы;
- Елназ Қалиахмет (2258) – 14 жаста, аймақтық турнирдің күміс жүлдегері.

Астанада шахматтан Қазақстан чемпионатының финалы басталды
Астанада шахматтан Қазақстан чемпионатының финалы басталды
Астанада шахматтан Қазақстан чемпионатының финалы басталды

Open санатындағы үздіктер:

- Қазыбек Нөгербек (2538) – 2024 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы (U20);
- Денис Махнёв (2526) – 2021 және 2024 жылғы Қазақстан чемпионы;
- Алдияр Ансат (2489) – 2023 жылғы чемпион;
- Рамазан Жалмаханов (2456) – 2022 жылғы чемпион.   

Қатысушылардың жасы 13 пен 30 аралығында. Бұл – турнирдің серпінді, жан-жақты болатынының дәлелі. Жас дарындар мен тәжірибелі шеберлер арасындағы тартыс көпшілікке қызықты ойындар сыйламақ. Жүлде қоры – 20 млн теңге.

Жеңімпаздар төмендегідей қаржылай сыйақыға ие болады:

1-орын – 3 млн теңге;
2-орын – 2 млн теңге;
3-орын – 1,5 млн теңге;
(4–7 орындарға – 1,2 млн, 900 мың, 700 мың, 500 мың теңге).

Астанада шахматтан Қазақстан чемпионатының финалы басталды
Астанада шахматтан Қазақстан чемпионатының финалы басталды
Астанада шахматтан Қазақстан чемпионатының финалы басталды
Астанада шахматтан Қазақстан чемпионатының финалы басталды
Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »